Мектебімізде «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен «Жалындаған жастық шақ» атты студенттермен кездесу кеші өткізілді. Туған жердің аманатын арқалап алысқа аттанып,кеуделерін сағыныш кернеп,қысқы демалыстарын тағатсыздана күтіп,түлеп ұшқан ұяларына асығып жеткен студенттерді білім шаңырағы құшақ жая қарсы алды.Аталған шараға мектебіміздің директоры Кулсарина Мәншүк Куканбаевна қатысып,болашақ жарқын өмірді қалау тек әр адамның өз қолында екендігін айтып, студенттерге саналы,білімді тұлға болып қалыптасуларына тілек білдірді.Кездесу барысында қонақтарымыз мектеп қабырғасындағы естеліктерімен қатар студенттік өмірдің қызығымен бөлісті.Мектеп оқушыларын талмай еңбектенуге,үнемі жан - жақты болуға шақырды.Іс - шара барысында қызықты ойындар ойнатылып,ой - пікірлер ортаға салынды.
04 Ақп 2022
Жаңалықтар
«Отты жас» студенттерімен кездесу
Жаңалыктар